Жаңалыктар
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
Жосал орта мектеп - бала бақшасында «Ел қорғаны – қарулы күштері»
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған әскери патриоттық саптық әндер жарысы»ұйымдастырылды. Мектебіміздің диреторы Дуйсенова Ж.С. сөз сөйлеп мереклерімен құттықтау лебізін білдірді. 8-9а класс оқушылары әскери би билеп ән салды. Саптық ән жарысу сайысы топқа бөлінді.
І 8-9 а класс, ІІ 8-9 б класс,ІІІ 10-10 а,б класс, ІV11 б класс
Саптық ән жарысу сайысында 8-9 б класс оқушылар жеңіпаз атанды. Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғлімі Сайлау А.С. «Елге сәлем» әнімен аяқталды.
Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық ойындар ұйымдастыру туралы есебі
5-11 класс оқушылары арасында «Шаңғы жарысы» ұйымдастырылып, мектеп чемпиондары анықталып, аудандық шаңғы жарыстарында командалық есепте жүлделі І орынды иеленді. «Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз» тақырыбында сурет сайысы өтті. «Зиянды заттар» тақырыбында класс жетекшілер әр сыныптан диктант алды. Ата-аналармен бірлесе «Толағай » жанұялық жарасы, сонымен қатар «Мен батырмын» атты 9-11 класс оқушылары арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды. Наурыз мерекесі қарсаныңда ұлттық ойындарнан (қазақш күрес, асық ату, бестас, қолкүрес) мектепшілік жарыстар өтті.
Наурыз мерекесіне арналған іс – шаралар есебі.
Наурыз мерекесі аясында «Қолдарынан бал тамған» қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. «Мен болашақ маманмын» тақырыбында 9-11 класс оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау атты іс – шара өткізілді.
Қатар 5-15 ақпан аралығында ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында апталық ұйымдастырылып, жоспар бойынша «Мемлекет мәртебесі –Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» тақырыбында дөңгелек үстел, «Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?» білім жарысы, және де «Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы» тақырыбында 1-11 класс оқушылары арасында тәрбие сағатта ұйымдастырылды.
«Екі жұлдыз» ән байқауының есебі.
«Бұқар жыраудың 350 жылдығына» орай ауызша журнал ұйымдастырылды. Мектебіміздің жас талант иелерін анықтау мақсатында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. «Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 87 жыл» орай поэзия кеші ұйымдастырылды.
Наурыз мерекесіне орай апталық жоспары құрылып, жоспар бойынша «Ата салтым-асыл қазынам» тақырыбында класс сағаттары, «Наурыз көктем мерекесі» тақырыбында жас суретшілер байқауы, «Наурыз тойы тамаша» қазақтың ұлттық ойындары, және де «Қош келдің әз Наурыз» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
«Рухани жаңғыру: Болшаққа бағдар» іс- шара өткізілді.
«Рухани жаңғыру: Болшаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Өлкенің тарихы- менің болшағым» тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Мәңгілік Ел: жетер жолдары мен артықшылықтары» атты 5-11 класс оқушыларына арналған баяндама оқылды. «Ұлтыңды тәрбиелейін десең-қызынды тәрбиеле, рухынды тәрбиелейін десең –ұлынды тәрбиеле» тақырыбында ата-ана комитетімен кездесу өтті.
Сонымен қатар наурыз айында «Өнегелі ана-өнерлі қыз» атты жарыс ұйымдастырылды.
Және де «Көрісу тарихы» тақырыбында 9-11 класс оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті.