Жаңалыктар
Хабарландыру
2018 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында менің таңдауым балаларға көмек беру үндеуімен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайрымдылық акциясы өтеді. Акция мақсаты – әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету «Мектепке жол» акциясына қатысып демеуші болам дейтін барлық азаматтарды, кәсіпкерлер қол ұшын беруге шақырамыз.
1 қыркүйек – Білім күніне арналған ҚР Конституция 23 жылдығына және Астананың 20 жылдығына орай өткізілетін салтанатты жиынның есебі
Жосалы орта мектеп бала бақшасында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған ҚР Конституция 23 жылдығына және Астананың 20 жылдығына орай өткізілді. Салтанаты жиынға ауданжәне ауыл қонақтары, ата – аналар, мектеп ұжымы, оқушылар қатысты.Кемпірсай ауылдық округінің әкімі Айжарыков Асхат Сагитжанович оқу жылымен құттықтады.
ТОО «Жосалы - Агро» директоры Жумабеков Бауыржан Зулкарнаевичке оқушыларды құттықтап «Мектепке жол» акциясымен 1 сынып оқушыларына мектеп сүмкелерін табыстады. Ауылымыздың құрметті тұрғындары Заглядов Л.Ф. және Демешев И.Ю жаңа оқу жылымен құттықтап сөз сөйледі.
Сонымен қатар 1-4 сыныптар арасында Рухани жаңғыру – ұлтың ұлы мұраты,
5-7 сыныптар арасында Ұрпақа берген ұлағаты тәрбие – Мәңгілік елдің кепілі, 8-11 сынып оқушылар арасыда Рухани құндылық адам жанының алтын арқауы тәрбие сағаттар өткізілді.
Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық кеші
28.08.2018 жылы жаңа оқу жылына қарсы Жосалы орта мектеп-бала бақшасында «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық кеші өтті. Акцияға мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары, мектеп түлектері, мектеп ұстаздары қатысып, демеушілік көмек көрсетіп оқушыларға мектепке қажетті киім –кешек, оқу құралдары табыстады.
Жайдарлы жаз -2018 жыл
2018 жылғы жазғы демалыс Жосалы орта мектеп – бала бақшасының оқушыларының есінде мәнгі қалды. Әр оқушы өздерінің қалауы бойынша «Эбита», «Қарғалы», «Жас толқын» атты шатырлы лагерінде демалып денсаулықтарны шыңдады.
Мектебім алтын бесігім!
2018 жылдың 25 мамыр күні Жосалы орта мектеп бала бақшасының мектеп түлектерінің Мектебім алтын бесігім! атты салтанаты жиын өтті. Іс- шараға Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бижанова Айгуль Уралбекқызы келді. Қонақтар түлектерге ақ жол және ҰБТ- ны ойдағыдай тапсыруға сәтілік тіледі. Кеш соңында жас түлектер бір- бірін құттықтап, ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Жалпы ұлтық ата –аналар жиналысы «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы»
2018 жылдың 15 мамырында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Халқарарлық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында Жосалы орта мектеп - бала бақшасында жалпы ұлттық ата – аналар жиналысы өтті.
Жазғы сауықтыру лагері «Жас толқын»
2018 жылдың 18 маусымынан бастап Қарғалы ауданы, Қарабұтақ ауылында «Жас толқын» жазғы сауықтыру лагері ашылды. Оқушылар уақытылы алты мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Табиғат аясында серуендейді кастер жағып, футбол, суға шомылып, спорттық ойындар, күнделікті денені шынықтыру жаттығулар, сурет – салу, арқан тарту ойын арқылы, күнделікті қызықты іс – шаралар өткізіледі. «Жас толқын» сауықтыру лагерінің жұмыс уақыты таңғы сағат 06.00, кешкі сағат 11.00- дейін жұмыс жасайды. Қамтылған бала саны 200 оқушы 10 сезонға бөлінеді.
Аттестат табыстау!
2018 жылдың 12 маусым күні Жосалы орта мекетеп бала бақшасында негізгі мектеп бітіргендігі туралы аттестат табыстау рәсімі өтті.