Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз ұлы - Есім!» атты іс –шара анықтамасы
Мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша мұғалімдер күніне байланысты іс - шаралар жоспары құрылып, жүзеге асырылды.
Мақсаты: оқушылардың бойына ұстазды сыйлап, құрмететуге, мұғалімдердің өздері атқарып жатқан жұмыстарының қайырымды, сый-құрметке лайықты іс екенін сезіндіру.
Республикалық акция аясында 1-11 класс оқушылары арасында «Ұлт ұзтаздары» атты тәрбие сағаттары, 9-11 класс оқушылары арасында «Мұғалім мамандығы – беделді!» тақырыбында дөңгелек үстел өткзілді. Оқушыларға мұғалімдердің еңбегін бағалап, оның қиыншылықтарын сезіну мақсатында «Өзін-өзі басқару күні» ұйымдастырылды.
Мектеп әкімшілігіннің тарапынан мұғалімдерге құрмет ретінде белсенді мұғалімдерге «Алғыс хаттармен» марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Жоспар бойынша «Өз мұғаліміңді құттықтауды ұмытпа!»атты құттықтауға арналған интернет желісінде, рубрика ашып, мектеп бітірген түлектерге ұстаздарын құттықтау туралы хаттар жіберілді. 8-11 класс оқушыларының қатысуымен «Ұстаз -ұлы Есім!» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Мерекелік бағдарлама барысында мектеп оқушылары мұғалімдеріне ыстық лебіздерін, алғыстарын ән-би шашу арқылы жеткізді. 9-11 класс оқушылары қызықты ойындар, сахналық көріністер ұйымдастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Және де мектебіміздің жас мамандары ән айтып,би билеп, көрініс қойып өз әріптестерін мейраммен құттықтады.
Мерекелік кеште мектеп директоры Дуйсенова Ж.С мектеп мұғалімдерін және ардагер ұстаздар: Бижанова Н.С, Рыбаченко Н.П, Пицык Л.С-ны шығармашылық мерекелерімен құтықтап шағын сыйлықтар табысталды.