«Денсаулық фестивалі-2019» акциясы аясында «Денсаулық сандарына жет!»атты ұранымен өткізілген спорттық іс- шара анықтамасы
Жосалы орта мектеп – бала бақшасында 2019 жылдың 9 қыркүйек Денсаулық фестивалі-2019» акциясы аясында «Денсаулық сандарына жет!!»атты ұранымен өткізілген спорттық шара өткізілді. Спорттық шараға ауыл қонақтары, ата-аналар, мектеп ұжымы, мектеп директоры және оқушылар қатысты. Мектеп директорың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мурзабулатова Жанат Мамытовна құттықтау сөзімен шараның ашылу салтанаты өтті. Салауатты өмір салтын ұстануға шақырған мектебіміздің медбикесі – Калинурова Валентина Ситановна сөз сөйледі.
Дене шынықтыру пәніннің мұғалімі Жамалов Айдар Ұзақұлы жиналған топқа дене шынықтыру жаттығуларын жасатты. Әрі қарай 9-11 сынып оқушыларымен флешмоб биледі. Спорттық шара 1-4 сынып оқушылар «Көңілді старт» ойындарымен, 7-9 сыныптар қашықтыққа жүгіру, 9-11 сынып оқушылары футбол ойындарымен жалғасын тапты.Жарыс соңында жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.