«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ!» атты мерекелік іс-шаралар анықтамасы
Жосалы орта мектеп – бала бақшасында 1 қыркүйек- Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ!» атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға аудан және ауыл қонақтары, ата-аналар, мектеп ұжымы, оқушылар қатысты. Кемпірсай селолық округінің әкімі Темірбаев Жарасхан Қуанышович мектеп ұжымын, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, бір оқушыға «Мектепке жол» акциясы бойынша мектеп оқу құралдарын табыстады. Ауылымыздың құрметті тұрғыны Демишев И.Ю жаңа оқу жылымен құттықтап сөз сойледі.
ТОО «Дэлент» оқушыларды құттықтап «Мектепке жол» акциясымен
1 сынып оқушыларына мектеп сөмкелерін табыстады. Келген қонағымыз Қарғалы аудандық аурухансының бас дәрігері Қызылбасова Тоғжан Биляевна жаңа оқу жылымен құттықтап 1 сынып оқушыларын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным- Қазақстан» атты кітабын табыстады. Және де соңғы сөз кезегі мектебіміздің директоры Дуйсенова Жанат Сагиджановна жаңа оқу жылымен құтттықтап, «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысқан ауыл меценаттарын марапаттап өтті.
Салтаннаты жиын соңында 1 сынып оқушысы Баймагамбетов Ринат мен 11 сынып оқушысы Орынбасар Айгерім алғашқы қоңырауды соқты.
Сонымен қатар, білім күніне арналған 1-11 сыныптарда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.