Руханият бағыты бойынша
1 қыркүйек-Білім күніне орай «ҚР рәміздерінің 25 жылдығы, Конституция күніне және де ЭХРО 2017» көрмесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Жиын барысында «Мектепке жол» акциясы бойынша 1 сынып оқушыларына сөмкелер және де ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным- Қазақстан» атты кітабы табысталды. 1-4 сыныптарда «Мен- кіші Отанымның патриотымын», 5-7 сынып оқушыларында «Мен мәдени ұлттық игіліктер патриотымын», 8-11 сыныптарда «Мен- Патриот азамат» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
06.10.17 ж күні мұғалімдер күніне орай «Ұстаз ұлы тұлға» атты іс- шара өткізілді.
Мақсатымыз: оқушылардың бойына ұстазды сыйлап, құрметтеуге, мұғалімдердің атқарып жатқан жұмыстарының қайырымды, сый- құрметке лайықты іс екенін сезіндіру.
1-11 класс оқушылары арасында «Ұлт ұстаздары» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға мұғалімдердің еңбегін бағалап, оның қиыншылықтарын сезіну мақсатында «Өзін-өзі басқару күні» ұйымдастырылды.
27.10.17 ж күні мектепшілік «Алтын күз» сайысы өткізілді.Байқау мақсаты балаларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, жауапкершілікке бағыттау. Сайысқа 1-4 класс оқушылары қатысты. Және де 5-11 класс оқушылары арасында жеміс-жидек,көкөністерді таныстырып, көріністер қойдылды.