Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Жосалы ОМ-ББ» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Жосалы ОМ-ББ» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Жосалинская СШ-ДС»

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

«Денсаулық фестивалі-2017» акциясы аясында «Денсаулығым керемет-жаттығуға көп рахмет!» атты ұранымен өткізілген спорттық іс- шара есебі

«Жосалы орта мектеп – бала бақшасы» КММ

Жосалы орта мектеп – бала бақшасында 9 қыркүйек Денсаулық фестивалі-2017» акциясы аясында «Денсаулығым керемет-жаттығуға көп рахмет!» атты ұранымен өткізілген спорттық шара өткізілді. Спорттық шараға ауыл қонақтары, ата-аналар, мектеп ұжымы, мектеп директоры және оқушылар қатысты. Мектеп директоры Дуйсенова Жанат Сагиджановнаның құттықтау сөзімен шараның ашылу салтанаты өтті. Салауатты өмір салтын ұстануға шақырған мектебіміздің медбикесі – Калинурова Валентина Ситановна сөз сөйледі.

Спорт инструкторы Нурмагамбетов Дархан Сейдахметович жиналған топқа дене шынықтыру жаттығуларын жасатты. Әрі қарай 10 сынып оқушыларымен флешмоб биледі. Спорттық шара 1-4 сынып оқушылар «Көңілді старт» ойындарымен, 7-9 сыныптар қашықтыққа жүгіру, 9-11 сынып оқушылары футбол ойындарымен жалғасын тапты.Жарыс соңында жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.