Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Жосалы ОМ-ББ» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Жосалы ОМ-ББ» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Жосалинская СШ-ДС»

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

«ҚР рәміздерінің 25 жылдығы, Конституция күніне және де ЕХРО 2017»

«Жосалы орта мектеп – бала бақшасы» КММ

1 қыркүйек  -Білім күніне арналған «ҚР рәміздерінің 25 жылдығы, Конституция күніне  және де ЕХРО 2017»  көрмесіне арналған мерекелік іс-шараның есебі.

Жосалы орта мектеп – бала бақшасында 1 қыркүйек-Білім күніне арналған «ҚР рәміздерінің 25 жылдығы, Конституция күніне  және де ЕХРО 2017»  көрмесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиынға аудан және ауыл қонақтары, ата-аналар, мектеп ұжымы, оқушылар қатысты. Кемпірсай селолық округінің әкімі Айжарыков Асхат Сағитжанович мектеп ұжымын, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, бір оқушыға «Мектепке жол» акциясы бойынша мектеп оқу құралдарын табыстады. Ауылымыздың құрметті тұрғындары Заглядов Л.Ф  және Демишев И.Ю жаңа оқу жылымен құттықтап сөз сойледі.

ТОО «Жосалы -Агро» директоры Жумабеков Бауыржан оқушыларды құттықтап «Мектепке жол» акциясымен 1 сынып оқушыларына мектеп сөмкелерін табыстады. Қарғалы аудандық білім бөлімінен келген қонағымыз Сарсенбина Дамира  Есболаевна жаңа оқу жылымен құттықтап 1 сынып оқушыларын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным- Қазақстан» атты кітабын табыстады.  Мектебіміздің директоры Дуйсенова Жанат Сагиджановна жаңа оқу жылымен құтттықтап, «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысқан ауыл меценаттарын марапаттап өтті.

Салтаннаты жиын соңында 1 сынып оқушысы Шмальц Ксения мен

11 сынып оқушысы Вотчель Владимир алғашқы қоңырауды соқты.

Сонымен қатар, білім күніне арналған 1-4 сыныптарда «Мен- кіші Отанымның патриотымын», 5-7 сынып оқушыларында «Мен мәдени ұлттық игіліктер патриотымын», 8-11 сыныптарда «Мен-Патриот азамат» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізіді.