Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Жосалы ОМ-ББ» КММ

A- A A+

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

«Жосалы ОМ-ББ» КММ

Актюбинская область

Каргалинский район

КГУ«Жосалинская СШ-ДС»

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңыр–қазақ даласының ғарыштық айлағы» атты сайыстың өткізілуі туралы ақпарат

Жосалы орта мектеп – бала бақшасында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Байқоңыр–қазақ даласының ғарыштық айлағы» атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш саласы туралы білімдерін молайту. Сайысқа «Звезда» және «Ракета» тобы қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. І кезең «Ойлан,тап» викториналық сұрақтар. ІІ кезең «Адасқан әріптер», ІІІ кезең жұмбақтар шешу. Жауабын үш тілде аудару (орыс, қазақ, ағылшын) Ойын өте қызық әрі тартысты өткізілді. Барлық кезеңнен сүрінбей өткен «Звезда» тобы жеңімпаз атанды.