«Қамқоршылық кеңес» отырысының ХАТТАМАСЫ
«Жосалы орта мектеп-бала бақшасы»КММ
«Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Өтілген күні: 25.09.18 ж.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
- «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
- Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
- Тыңдалды: 1-мәселе
- а) Сөйледі:
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Ж.С.Дуйсенова сөз алып, жиналысқа қатысушыларды "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ережемен таныстырып өтті. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы)
Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
- Тыңдалды: 2-мәселе
- ә) Сөйледі:
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрайымы А.А.Байменшина Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.
Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Е.С.Абдуллин
Хатшы: Ж.Н.Терекбаева
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
- Филатова Нина Леонидовна
- Нурлыбаева Галия Бердібекқызы
- Калинурова Валентина Ситановна
- Жумабеков Бауыржан Зулкарнаевич
- Байменшина Алтыншаш Айнабековна
- Арыстанова Акзиля Ситановна
- Гайдай Татьяна Петровна
- Бижанов Руслан Кадыржанович
- Даурбаев Балтемір Тауекелұлы
- Пірімжарова Ляззат Талапбайқызы
3) Үшінші сұрақ бойынша мектеп әлеуметтік педагогы Терекбаева Ж.Н сөз сойледі. Өз сөзінде жалпы биылғы оқу жылында мектебімізде ыстық тамақпен 16 оқушы қамтамасыз етілген. Және де ол оқушылардың негізгі құрамы әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, көпбалалы отбасылар, күнкөріс деңгейі төмен отбасыларда тәрбиеленетін оқушаларды құрайтының айтты. Сонымен қатар ыстық тамақтың сапалық құрамын тексеретін бракераждық комиссия жұмыс жасайды, және мо
Шешімі:
- Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес «Жосалы орта мектеп-бала бақшасы» коммуналдық меклекеттік мекемесінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
- Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.
- Жоғарады көрсетілген тізімге кіретін оқушыларды ыстық тамақпен толық қамтамасыз етуді қадағалау.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Е.С.Абдуллин
Хатшы: Ж.Н.Терекбаева
«Жосалы орта мектеп-бала бақшасы»КММ
«Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №2
Өтілген күні: 10.11.18 ж.
Қатысқандар: мектеп директоры Ж.Дуйсенова, қамқоршылық кеңес төрағасы: Е.С.Абдуллин, В.Калинурова, А.Арыстанова, Л.Пірімжарова, А.Байменшина, Т.Гайдай.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Сапалы білім беру бойынша І- тоқсан қорытындысы.
- Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері
- Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыруға көмектесу.
- Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
Тыңдалды: 1-мәселе
Сапалы білім беру бойынша 2018-2019 оқу жылының І тоқсан қортындысы туралы мектеп директоры Ж.Дуйсенова сөз сөйледі:
Мектепте барлығы 106 оқушы. Оқу озаты-28 оқушы, оқу екпіндісі-25 оқушы
І тоқсан бойынша білім сапасының көрсеткіші 52%. Мектепте спорттық секция мен кружоктар жұмыс жасайды, барлық оқушылар 100% қамтылды.
Сонымен қатар кеңес мүшесі А.Арыстанова Қарғалы ауданындағы өнер мектебінен «вокал», «хореграфия» жанры бойынша филиалының ашылуына байланысты жұмыс жасауын ұсынды.
Тыңдалды: 2-мәселе
Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуды қамтамасыз ету мәселесі бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.Абдуллин сөз сөйледі:
Мектепке ата-аналар, мұғалімдер демеушілік жасай отырып, 55 дана жалюзи 342000теңге, спорттық жетістіктер туралы стенд 100 000 теңгеге алынды.
Тыңдалды: 3 мәселе
Кеңес мүшесі Л.Піріжарова сөз алды: Жаңа жылдық мерекесін ұйымдастыруға көмектесу мақсатында демеушілер тарапынан мектепке жаңа шырша алу қажет.
«Агро Жосалы»ЖШС директорына, «Кудря»шаруашылық қожалығына хат жазып, демеушілікке тару қажеттілін айтып өтті.
Тыңдалды: 4 мәселе
Мектеп әлеуметтік педагогы Ж.Н Терекбаева сөз сөйледі: Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығына 6–қосымша негізінде «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы оқу жылында мектебімізде ыстық тамақпен 16 оқушы қамтамасыз етілді. Және де ол оқушылардың негізгі құрамы әлеуметтік жан басына шаққандағы табысы күн көріс деңгейінен төмен, мүмкіндігі шектеулі, мүгедек, қолайсыз отбасы, жетім, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды құрайтындығың айтты. Сонымен қатар ыстық тамақтың сапалық құрамын тексеретін бракераждық, мониторингтік комиссия жұмыс жасайды, айына бір рет тексеріс жасайды және бір балаға арналған тамақтын құны-357,14 теңгені құрайды. Асханада мектеп мұғалімдері мен әкімшілік кезекшілік кестесі бекітіліп, сол бойынша кезекшілік жұмыс жасайды.
Шешімі:
- Қарғалы ауданындағы өнер мектебінен «вокал», «хореграфия» жанры бойынша филиалының ашылуына байланысты жұмыстарды кеңес мүшесі А.Арыстанова қолға алсын
- Мектепті жаңа жылдық шыршамен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер іздеу кеңес мүшелеріне жүктелсін.
3.Жоғарады көрсетілген тізімге кіретін оқушыларды ыстық тамақпен толық қамтамасыз етуді қадағалансын.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Е.С.Абдуллин
Хатшы: Ж.Н.Терекбаева
«Жосалы орта мектеп-бала бақшасы»КММ
«Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №3
Өтілген күні: 25.01.19 ж.
Қатысқандар: мектеп директоры Ж.Дуйсенова, қамқоршылық кеңес төрағасы: Е.С.Абдуллин, А.Арыстанова, Л.Пірімжарова, А.Байменшина, Т.Гайдай.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу шаралары
- Педагог мәртебесі туралы заң жобасын талқылау
- Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындаудағы қамқоршылық кеңесінің ролі
Тыңдалды: 1-мәселе
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Елеуов кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу шаралары бойынша жылдық жұмыс жоспары таныстырып, І жарты жылдықта атқарылған іс-шаралар есебін баяндады. Осы уақытқа дейін мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылық фактілерінің тіркелмегенін жеткізді. Кеңес мүшелері сөз сөйлеп, құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушылардың түнгі уақытта /22.00-ден кейін/ көшеде жүрмеуін қадағалап, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен бірлесіп рейд жұмыстарын жандандыруды ұсынды.
Тыңдалды: 2 мәселе
2019 жылы қабылдауға ұсынылған педагог мәртебесі туралы заң жобасын кеңес төрағасы Е.Абдуллин таныстырып, талқылауға ұсынды. Ұсынылған заң жобасында мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игіліктер қарастырылған. Мұғалімдердің жүктемесін азайтуға, жоспардан тыс тексерістер мен міндеттен тыс функцияларды азайтуға мүмкіндіктер беретінін айтты.
Тыңдалды: 3 мәселе
Қамқоршылық кеңесінің төрағасының орынбасары А.Байменшина Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау» қағидаларындағы қамқоршылық кеңесінің міндеттерімен таныстырды.
Шешімі:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу шаралары жандандырылсын.
- Ұсынылған педагог мәртебесі туралы заң жобасындағы мәселелер ұсынылсын.
- Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындауда қамқоршылық кеңесімен бірлесе жұмыстар жүргізілсін.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Е.Абдуллин
Хатшы: Ж.Н.Терекбаева